Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру сайысы
20 сәуір күні Жеңіс күні мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне арналған айлық аясында 10–11 сынып оқушылары арасында Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтау бойынша жарыс өтті. Іс-шара әскери-қолданбалы дағдыларды дамытуға, әскер қызметіне деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында патриотизм мен жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталды. Қатысушылар өздерінің жақсы дайындықтарын, мұқияттылығын және тапсырманы орындаудағы жылдамдықтарын көрсетті
АБАЙ ОҚУЛАРЫ
Бүгін М. Жұмабаев ауданында аудандық “Абай оқулары” байқауы өтті. Өлеңді мәнерлеп оқу номинациясы бойынша жүлделі 3-орынды Совет орта мектебінің 10-сынып оқушысы Есембеков Данияр иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каирлина Жанерке Жумагалиевна. Жарайсың Данияр! Алдағы болатын жарыстарға сәттілік тілейміз!